Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядок

Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады

Полиция интернет-алаяқтыққа қарсы күресті қарқынды түрде жалғастыруда. Тұрақты жұмыс барысында қалалық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық деректеріне қатысы бар ер адамды ұстады.

Тергеу барысында Қызылорда облысының тұрғыны «жеңіл табыс» табу мақсатында дропперлік схеманы ұйымдастырушы ретінде әрекет еткені анықталды. Ол таныстарының банк карталарын жинап, мессенджерлер арқылы үшінші тұлғаларға өткізген. Кейін бұл карталар алаяқтық схемаларда қолданылған.

Белгісіз тұлғадан түскен қоңырауға сеніп, 32 миллион теңгеден айырылған жергілікті тұрғын полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында киберполицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу кезінде оның ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Екінші жәбірленуші 6 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған. Жалпы келтірілген шығын 40 миллион теңгеден асады.

Полиция тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Белгісіз тұлғалардың айтуымен ақша аудармаңыздар.

Сәйкес жаңалықтар

Инвестиции в интеллект: итоги реализации научных грантов в Казахстане за 2022-2025 годы

zd_admin

Аида Балаева: Новая Конституция не предусматривает сокращения социальных обязательств государства  

Более 19 тыс. км сетей отремонтировано в Казахстане: снижается износ и растет надежность ЖКХ