Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ақтауда күдіктіден “синтетиканың” ірі партиясы тәркіленді

Ақтау қаласында Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және ЖҚАЖ қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады деген күдіктіні ұстады.

Жеке тінту барысында күдіктіден салмағы 2 келіге жуық альфа-PVP синтетикалық есірткісі салынған 4 полиэтилен пакет тәркіленді. Жедел іс-шараларды жалғастыру барысында Ақшұқыр аумағында орналасқан 15 ықтимал орын тексерілді.

Соның ішінде 8 жасырын орыннан жалпы салмағы 128,92 грамм есірткі табылды, қалған 7 орын бос болған. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды

Президент тапсырмасы бойынша өңірлерде инфрақұрылым мен өнеркәсіп қарқынды дамып келеді: шілде айының басынан бері қандай жобалар іске қосылды

Ким Чен Ын тақ мұрагерін таңдады