Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіпҚоғам

Кальян шеккен 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада кезекті рет кальян шегушілерді анықтау мақсатында түнгі рейд жүргізілді. Сарайшық ауданындағы ойын-сауық мекемелерінде тексеру өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Рейдті аудан әкімдігі мен полиция басқармасының өкілдері жүргізді. Олар қоғамдық орындарда кальянды пайдаланудың алдын алу мақсатында 6 ойын-сауық мекемесін тексерді.

«Екі мекемеде заң бұзушылықтар анықталды. Мекемеге келген 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы 294 900 теңгені құрады», – деп хабарлады Сарайшық ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тыйым салынған орындарда кальян пайдаланғаны үшін ойын-сауық мекемелерінің тұтынушыларына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес айыппұлдар өндірілді.

Рейдтік іс-шаралар «Заң және тәртіп» аясында өткізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Жетісуда жол апаты болды

Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай құжат қажет?

Енді бизнеске заңсыз араласқан судьялар 6 жылға сотталуы мүмкін