Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Полиция 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалағандарды анықтады

www.istockphoto.com
Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді

Полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді.

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жастағы оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды.

«Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізді. Бұл факт Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді, іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа жөнелтілді», – деді Алматы облысы ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров.

Қазір ювеналды полиция қызметкерлері тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ болашақта мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырған 10 адамға қатысты үкім шықты

Батыс Қазақстан облысында зейнеткер ауыр қылмыс жасады

Ақтөбеде екі күнде 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

zamandas69@mail.ru