Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Закон и порядок

ҚТЖ-ның лауазымды тұлғаларының бірі сотталды

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Ол локомотив депосының кадрлар жөніндегі делдал-менеджері арқылы адамды тепловоз машинисінің көмекшісі лауазымына орналастыру үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сол үкіммен делдал 1 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды, пара берген адам және оның көмекшісі 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сәйкес жаңалықтар

Глава государства заслушал первые итоги работы Комиссии по проверке Министерства обороны

«Такие вещи не афишируются»: бывший подчиненный Бокаева признался в передаче ему наличных

«Деньги могли пойти матерям-одиночкам»: аудитор раскрыл схему хищений в деле Бокаева и разбил аргументы защиты