Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Желіде заңсыз лотерея ойнатқан блогер жауапқа тартылды

Фото: caravan.kz

Instagram-да заңсыз лотерея ойнатқан павлодарлық блогер жауапқа тартылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру дерегі жиіледі. Алданған азаматтардан Туризм және спорт министрлігіне түсетін шағым көбейген.

Ведомство қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тұрақты негізде интернетте мониторинг жүргізеді. Осылайша, Instagram-дағы жеке парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған павлодарлық блогерге әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ министрлік әкімшілік құқықбұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Бұдан бөлек, 35 дерекке қатысты хаттама дайындап жатыр.

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті емес адамның лотерея өткізуіне тыйым салынады. Осыған байланысты азаматтарға заңсыз лотереяны ұйымдастырғаны, оны әлеуметтік желілерде ойнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз, – деп жазылған хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Дипфейк пен жалған брокерлер: ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады

Ұлттық ұлан сарбазы жоғары оқу орнының білім грантын жеңіп алды

Ұландықтар тыйым салынған заттарды жеткізу әрекетінің жолын кесті