Өзбекстанда Әбу Насыр әл-Фараби жазған кітап табылды

0
91
Фото: t.me/namvilhok

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанның Наманган облысында ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің кітабы табылды.

көне қолжазба
Фото: t.me/namvilhok

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, онда табылған кітаптан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да бар.

қылыш
Фото: t.me/namvilhok

«Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей білім жазылған» делінген хабарламада.

қолжазба
Фото: t.me/namvilhok

Хабарда айтылғандай, Ахсикент археологиялық саябағының құрамындағы Жаңа Ахси кешеніндегі баға жетпес жәдігерлер саны онға көбейіп, коллекция 475-600 жылдарға тәне Бактрия монетасы мен XIX ғасырда мөрленген Қытай монетасымен толыққан.

әл фараби
Фото: t.me/namvilhok

«Мамандар XI ғасырға тиесілі деп бағалаған қылыш ұрыс жағдайында сақталған. Оны Аксикенттің ұсталары қатты болаттан жасаған. Әлемдік болат орталығы ретінде танылған Аксикент жұмсақ және қатты болатпен танымал. Оның қалай жасалатыны әлі күнге дейін жұмбақ. Екінші қару XIV ғасырға жатады және оны Әмір Темірдің арнайы сарбаздары қолданған» дейді ведомстводан.

әл фараби
Фото: t.me/namvilhok
монета
Фото: t.me/namvilhok

 


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ