Өзбекстанда Әмір Темір дәуіріне жататын ауыл қирандылары табылды

0
219
Фото: uza.uz

Өзбекстанның Қашқадария облысының Мүбәрәк ауданындағы Қожа Равшан ескерткіші маңынан Әмір Темір дәуіріне жататын ауыл қирандылары табылды.

Өзбекстан Республикасы Мәдени мұра агенттігінің хабарлауынша, Самарқанд археологиялық институтының қызметкерлері қазба жұмыстары кезінде ауыл қирандыларының арасынан Әмір Темір дәуіріне жататын төрт бөлмені тапқан.

Бұл ескерткіштің орнында XIII-XIV ғасырларда Қаршыдан Бұхарға апаратын қалың керуен жолы орналасқан. Ауыл қирандыларының көлемі 30 гектар жерді алып жатыр.

Мамандардың айтуынша, сол кезде өмір сүрген ауыл тұрғындары соңғы Шағатай дәуірінің соңы мен Әмір Темір тұсында мәдени жағынан біршама дамыған. Табылған заттардың ішінде тақтайшалар, сырланған қыш ыдыстар, металлдан жасалған ауылшаруашылығы құралдары және басқа да сирек кездесетін заттар бар.

Зерттеушілер Әмір Темірдің кезінде қалалар ғана емес, ауылдар да дамыған деген пікірде.

Дереккөз: uza.uz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ