Жұлдыз Сүлейменова Олжас Бектеновтің экс-премьерден басты артықшылығын атады

0
318
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

 – Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген депутат Жұлдыз Сүлейменова Amanat партиясының депутаттары Үкіметтің жаңа басшысы Олжас Бектеновке неліктен сенім артып отырғанын айтты.

«Жайлы мектеп» сияқты халықтың игілігіне арналған жобалардың бәрін аяғына дейін жеткізуге жаңа Премьер-Министрдің және жаңа министрлер кабинетінің бір табанды қызметі болады деп сенемін. Жастар, жаңа буын келе жатыр. Менің ойымша, Мемлекет басшысы айтты ғой, «Тәртіпті, таза адамдардың бірі» деп өзіміз де кешеден бері қарап жатырмыз. Сондықтан менің ойымша, бізге қазіргі таңда таза, өзі тәртіпті, сол тәртіпті басқадан талап ете алатындай азамат керек болды. менің өзі сенемін», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

БАҚ өкілдері экс-Премьер Ә.Смайыловтан Олжас Бектеновтің негізгі артықшылығы қандай екенін сұрады.

«Табандылық» деп жауап берді депутат.

Айта кетейік, бүгін Олжас Бектенов Премьер-Министр болып тағайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ