Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураДуховность

Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған ауқымды мәдени іс-шаралар өтуде

Атырау қаласында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өтіп жатыр.

Мерейтой ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталып, «Жұмекен жырлары – ғасыр үні» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты.

Конференцияның ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Министр өз сөзінде Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы халқымыздың сөз өнеріне деген сүйіспеншілігінің, туған жер мен Отанға деген терең сезімінің айқын көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар ақынның қуатты жырлары ұлттық поэзияға жаңа леп әкеліп, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтергенін жеткізді.

Конференция аясында ақын Алмас Ахметбекұлының «Ұлт ұраны және Ұлы ақын» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Сонымен қатар «Жыр – Жұмекен» атты поэзия фестивалі мен «Менің елім – жыр елі» атты гала-концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында жастар ақын бейнесінен фотомозаика жасап, Мемлекеттік Гимнді орындады.

Бүгін Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрында «Атырау – құтты мекенім!» атты республикалық айтыс өтіп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Агропромышленный комплекс должен стать одной из основных движущих сил экономического роста

Ключевые достижения внешней политики в 2024 году

В какое время суток ЕНТ сдают лучше, поделились в Миннауки

zamandas69@mail.ru