Жаңаөзен. Қызметкерлер мәлімдеген шағымдар жеке қаралады

0
159

Бүгін Жаңаөзенде қаланың мұнай өндіруші және мұнай сервис кәсіпорындарының қызметін талдау мақсатында «ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс тобы өз жұмысына кіріседі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамына 33 маман кірген топқа ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов жетекшілік етеді.

Кеше ҚМГ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Астанада арнайы топ қатысушыларымен кездесу өткізді. Оларға қаланың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізу, жұмысшылардың еңбек жағдайымен, сатып алу қызметімен және кәсіпорындар жұмысының басқа да тұстарымен танысу міндеттері қойылды. Жергілікті компаниялар қызметкерлерінің келісімшарт талаптарының бұзылғаны жөніндегі шағымдары, соның ішінде Астанада өткен арнайы комиссия жұмысы кезінде «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері мәлімдеген шағымдар жеке қаралатын болады, – делінген ҚМГ таратқан хабарламада.

Бұдан басқа, кәсіпорындардың қызмет түрлерін сатып алу рәсімдерінде сыбайлас жемқорлық қаупін анықтау мен жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Жұмыс комиссиясы ұсынған талдау қорытындысы бойынша экономикалық және әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерді шешуге арналған іс-қимыл жоспары жасақталады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ