Жаңадан сайланған Сенат депутаты кенеттен қайтыс болды

0
107

Жуырда жаңадан сайланған Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «Анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Райынбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады» делінген ресми хабарламада.

Гүлмира Райынбекқызы Кәрімова 1977 жылы 13 тамызда дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, бастауыш сынып мұғалімі (1998);

Көкшетау университеті, қаржы бакалавры (2008); Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратура, педагогикалық білім (2016 ж.) мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Петропавл қаласы «Қалалық классикалық гимназия» ММ бастауыш сынып мұғалімі (1998-2001);

Петропавл қаласындағы «№20 орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімі (2001-2002); Петропавл қаласындағы «Әл-Фараби мектеп-лицейі» ММ, бастауыш сынып мұғалімі (2002-2004); Петропавл қаласы «Әл-Фараби мектеп-лицейі» ММ директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары (2004-2006); Петропавл қаласы «Әл-Фараби мектеп-лицейі» ММ директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары (2006-2010); Петропавл қаласы «№17 жалпы білім беретін орта мектеп-кешені» ММ директоры (2010-2013); «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2013-2017); Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы (2017-2021).

2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды.

2023 жылы 14 қаңтарда өткен Сенат сайлауында Солтүстік Қазақстан облысынан Жоғарғы Палатаға депутат болып сайланды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз