Жамбыл облысында жыл басынан бері 53 мас жүргізуші жауапқа тартылды

0
64

фото:ашықдереккөз

Жамбыл облысында 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде қайта көлікке отырған, – деп хабарлайды zamandas.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. Меркі ауылындағы Исмаилов көшесінің бойында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін полиция қызметкерлері BMW-520 автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушімен сөйлескен кезде полиция қызметкерлері жүргізушінің мас күйде болғанын байқаған. 30 жастағы ер адам медициналық куәландыруға жеткізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол көлікті жеңіл дәрежелі мас күйде басқарған. Полицейлер жүргізушіге қатысты 2022 жылғы ақпанда Меркі ауданының әкімшілік сотымен оның көлікті басқару құқығынан 7 жылға айырылғанын анықтады. Осы дерек бойынша бұл азаматтың көлік құралын басқарғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, оның автокөлігі арнайы тұраққа қойылды. Жыл басынан бері Жамбыл облысында 53 жүргізуші мас күйде көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zhambyl-oblysynda-zhyl-basynan-beri-53-mas-zhurgizushi-zhauapqa-tartyldy/

ПІКІР ҚАЛДЫРУ