Жарылыстан қайтыс болғандар туралы ақпарат – жалған

0
320

«WhatsApp» мессенджерінде Ақтауда 7 қараша күні шамамен сағат 21.18-де Ақтау қаласында орын алған жарылыс нәтижесінде 14 адам қаза тауып, 25 адам жансақтау бөліміне түсті деген жазба тарады. Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері бұл ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұхановтың мәліметінше, 7 қараша сағат 23.45-гі жағдай бойынша облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жарылысқа қатысты қоңырау тіркелген жоқ.

«Сондай-ақ жансақтау бөліміне жарылыстан зардап шеккен науқастар түскен жоқ. Қазір оқиға орнында 4 бригада жұмыс істеп жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері Жәнібек Әжмұханов.

Жарылыс болған дәмхананың иесі Абай Әміреевтің айтуынша, оқиға болған уақытта кафеде қызметкерлер мен қонақтар болмаған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ