Жас фермер Бауыржан Машанбаев: ветеринар болуды армандаудан үздік жас маман атануға дейін

0
6

Жетісу облысы Панфилов ауданының жас ветеринары Бауыржан Машанбаев бала кезінен-ақ кім болатынын анық білген. Жануарларға деген сүйіспеншілігі мен оларға көмектесуге деген ықыласы оның өмірлік жолын айқындады. Бүгінде ол мал шаруашылығы саласында болашағынан зор үміт күттіретін білікті мамандардың бірі.

Мектепті аяқтаған соң Бауыржан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ветеринария факультетіне оқуға түсіп, кейін магистратураны да табысты тәмамдады. Алғашқы кәсіби тәжірибесі Алматы қаласындағы ветеринарлық клиникада жұмыс істеуден басталды. Мұнда ол жануарларды емдей жүріп, олардың мінез-құлқын және қажеттіліктерін түсінуді үйренді.

2022 жылы магистратурада оқып жүрген кезінде Бауыржан «Көктал Агро» ЖШС-нің сүтті-тауарлы фермасы базасында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, ірі қара малдың ауруларын анықтау және алдын алу бойынша зерттеулер жүргізді. Оқуды аяқтағаннан кейін сол шаруашылықта еңбек жолын жалғастырып, 2023 жылы Ресейдің Липецк қаласындағы Сүт бизнес академиясында жануарлардың саулығын басқару мен сүт өндірісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.

Қазіргі уақытта Бауыржан швиц және симменталь тұқымды 1700 бас ірі қара малдың профилактикасы, вакцинациясы және емдеу жұмыстарына жауапты. Тиімді еңбектің арқасында кәсіпорын сүттің өнімділігі мен сапасын айтарлықтай арттырды, экономикалық көрсеткіштер де жақсарды.

Жас маманның кәсіби жетістіктері ұлттық деңгейде мойындалып, Бауыржан Машанбаев «Еңбек жолы» республикалық байқауында «Өндірістің үздік жас қызметкері» аталымы бойынша жеңімпаз болды.

«Бұл жеңіс мен үшін тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар ветеринар мамандығының бүкіл аграрлық сала үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету болды. Күйі, денсаулығы жақсы малдар мен күн санап өркендеп келе жатқан шаруашылықты көргенде, алға ұмтылуға деген құлшынысың арта түседі», – дейді Бауыржан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213