Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Жігіттер жасыл алаңда барын да, жанын да салмақ

Фото: istockphoto

Қызылордалық футбол клубы енді қазақ балаларынан команда жасақтап, жергілікті жастардың шыңдалуына басымдық бермек, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы облыстық Спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеді.

«Қайсар» клубының жаңадан тағайындалған басшысы Талғат Әбдіғаппарұлының айтуынша, жергілікті ойыншылармен де жоғарғы лигада қалуға болады.

«Сол мақсатта жігіттер жасыл алаңда барын да, жанын да салмақ», – дейді жас маман.

24kz-тің мәліметінше, клуб басшысы мемлекеттік бюджетке салмақ салмаудың амалдарын да қарастырып жатыр. Қазірдің өзінде демеушілер тауып, келісім жасасуға кіріскен. Алдағы уақытта мамыр айында қалада жаңа стадион қолданысқа беріледі.

«Сол жерде біраз коммерциялық жобаларды жүзеге асырып, клубты өз шығынын өзі жабатын деңгейге шығаруымыз керек», – дейді жас маман.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандыда отбасылық демалысқа арналған жаңа эко саябақ салынады

zamandas69@mail.ru

Нысана көздеуден Олимпиадаға қатысатын спортшылар аталды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық  кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті