Жол жүргенде жүрек айныса не істеу керек?

0
275

Жолға шыққанда көлікте не автобуста жүрек айну сезімі көп адамдарда кездеседі. Жүрек айнымау үшін не істеуге болады?

Көздің фокусын өзгерту

Көзіңізді алыстағы тұрақты нүктеге, мысалы, алда тұрған жолға бағыттаңыз. Үнемі қозғалатын объектілерді, мысалы, өтіп бара жатқан пейзаждарды немесе басқа көліктерді қараудан аулақ болыңыз. Себебі бұл жүректің айнуына алып келеді.

Үзіліс жасаңыз және демалыңыз

Ұзақ сапар кезінде қысқа үзіліс жасаңыз. Көліктен шығып, бой жазған жүрек айнуын бәсеңдетуге көмектеседі. Сонымен қатар ұзақ сапарға шықпас бұрын ұйқыны қандырып, демалып алған абзал.

Күшті иістерден аулақ болыңыз

Кейбір иістер жүректің айнуына алып келеді. Көліктің ішінде күшті хош иістерді, темекі түтінін немесе өзге де өткір иістерді желдетіп алған дұрыс. Таза ауа жүрек айнуының алдын алады.

Жүрек айнымас үшін қандай тағамдар жеу керек?

Жолға шыққанда асқазанға жағымды, жеңіл, дәмсіз тағамдарды таңдау маңызды. Мысалы:

– крекер немесе печенье;

– қара нан;

– банан;

– күріш немесе макарон;

– қайнатылған тауық еті

– сорпа.

Қандай тағамдарды жеуге болмайды?

Ал асқазанды одан әрі тітіркендіретін ауыр, майлы немесе ащы тағамдардан бас тартқан дұрыс:

– қуырылған тағамдар;

– майлы ет;

– ащы немесе өте дәмді тағамдар;

– цитрус жемістері немесе шырындар;

– газдалған сусындар;

– сүт өнімдері, әсіресе лактозаға төзбеушілік болса.

Айта кетсек,  адамдарда белгілі бір тағамдарға төзімділік әртүрлі болуы мүмкін.

Дайындаған: Меруерт САҒЫМХАН

ПІКІР ҚАЛДЫРУ