Өзін жайсыз сезінген Ердоған тікелей эфирдегі сұхбатын тоқтатты

0
184

Тікелей  эфирде Ердоғанның сұхбаты барысында кішігірім үзіліс болды. Оған себеп Түркия президентінің денсаулығының сыр беруі еді.

Агенттіктің хабарлауынша, Ердоғанның сайлау алдындағы тығыз жұмыс кестесіне байланысты сұхбат кешкі уақытта басталған. Журналист болашақ министрлер кабинетіндегі өзгерістер туралы сұрақ қоя бастаған сәтте тікелей эфир кенет үзілді. Әлеуметтік желіде тікелей эфир үзілген сәтте түсірілген кадрлар тарап кетті. Видеодан жөтелген дауыс естілген.

Біраз үзіліс өткен соң президент тікелей эфирге қайта қосылған, алайда модератордың екі қысқа сұрағынан кейін хабар аяқталған. Осы ретте Ердоған эфирді жалғастыра алмағаны үшін Түркия азаматтарынан кешірім сұраған.

«Біріншіден, сіздерге денсаулық тілеймін. Кеше және бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қызу жүрді. Тұмау жұқтырып алдым. Тіпті «Бағдарламаны өткізбеу керек пе?» деп те ойладым. Бірақ біз уәде берген соң келдік. Сіздерден және көрермендерімізден кешірім сұраймын», деді Түркияның мемлекет басшысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ