Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«1-3 градус үсік түседі»: 8 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Фото: news.myseldon.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 8 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Бұрынғысынша Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады. Тек елдің шығысынды жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл, Қызылорда облысының орталығындаа, шығысында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде сақталып, Павлодар облысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Астана контрреттегішінің жағдайын тексерді: жағдай тұрақты

zamandas69@mail.ru

Алматыда заңсыз құрылысқа бақылау күшейтілді

Қала басшысы 11 тұрғын үй кешенінің проблемасын айтты