Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

Президент атынан Қанат Айтбаевқа мемлекеттік награда табысталды

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады.

Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

«Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылорда облысында фермерлермен өткен кездесуде Қанат Бозымбаев келесі жылдың вегетациялық кезеңінің тәуекелдерін талқылады

Заңсыз үкім шығару: Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылуы мүмкін

Президент Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады