Аққайың ауданының Дайындық ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан ашылды

0
7

Бүгінде Дайындық ауылын өңірдегі алдыңғы қатарлы елді мекендердің бірі деп нық айтуға болады. Бар-жоғы бірнеше жыл бұрын бұл ауылда небәрі 28 үй болса, қазіргі таңда олардың саны 86-ға жетті. Ауылға жаңа отбасылар қоныстанып, тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар бой көтеруде,-деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі баспасөз қызметі.

«Ауылдың өсіп-өркендеуіне аянбай үлес қосып жүрген жерлесіміз  Біржан Шаймерденовке ерекше алғысымды білдіремін. Тек биылдың өзінде, ол жеке қаражаты есебінен ауылда балабақша, 300 орындық Мәдениет үйі, спорт кешенін салып, мәдени-сауықтыру орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін 15 тұрғын үй салды. Бұл – бизнес өкілдерінің халық дамуына белсене араласуының нақты үлгісі»,- деді облыс әкімі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ