Конькимен жүгіруден біздің спортшыларымыз өз есімдерін тарихта қалдырды!

0
12

Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден әлемнің абсолютті чемпионы атанды. 500, 1000 және 1500 метрлік қашықтықтарда алтын медальдар, ал 3000 метрде күміс медаль жеңіп алған Кристина өзінің шеберлігін және шынайы чемпиондық мінезін көрсетті.

Жерлес спортшымыздың тамаша жеңісімен Мемлекет басшысы құттықтап, бұл отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға екенін атап өтті.

Бүгін қорытынды командалық спринтте Кристина Шумекова мен Варвара Глухова алтын медаль жеңіп алды. Облыс басшысы спортшыларымызды жарқын жеңісімен құттықтады.

«Кристина мен Варвара біздің өңірдің тумасы екенін мақтан тұтамыз. Олардың жеңісі – бүкіл өңір мен ел үшін мақтаныш, жастарға шабыт беретін үлгі және табандылық пен қайсарлықтың жарқын дәлелі! Спортшыларымызды осы  керемет жетістіктерімен құттықтаймын! Оларға мықты денсаулық, жарқын жеңістер және одан да биік белестерді бағындыруды тілеймін»,- деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ