№169 мектепте оқушылармен кездесу өтті

0
193

2022 жылдың 8 қараша күні  Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектепте «Жаңа Алматы жастары» жобасының аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматының шалғай аудандарында тұратын жастардың проблемалары бойынша онлайн/офлайн форматтағы  кездесу өтті.

Алматы қаласы әкімдігінің жанынандағы қоғамдық кеңесінің мүшесі, Талғат Жанысбай – адам бойындағы ізгі сипаттардың негізі ішкі жан – дүниеміздегі рухани байлықтан бастау алатындығы, қазақтың маңдайына біткен, рухани қазығымыздай болған Абай, Мағжан сияқты т.б тұлғаларамыз айтып кеткен  жеке адамның асыл қасиеттері қашанда басты мақсатта тұру керектігін тілге тиек етті.

Талғат Жанысбай өз сөзінде рухани байлық – ешқашан таусылмайтын, шексіз байлық. Рухани бай адамның өмірі жаңалыққа, айналасы жақсы адамдарға толы. Қазақ ағартушыларының қалдырған шығармалары сол рузани байлықтың бастауы екенін белгілі. Жан – дүниенің бай болғанын қаласаңыз кітап оқыңыз, талдаңыз, анализ жасаңыз. Кітаппен дос болған адам ұтады деп сөзін қорытты.

Кездесуге жиналған оқушылардың арсында кітапты сүйіп оқитындары да бар екен. Оқушылар сұрақтарын қойып, кітап туралы, жалпы рухани байлық туралы өз ойларымен бөлісті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ