Кітап оқу – мәдениет кілті

0
101

Қазір көпшілік кітап оқу мәдениетінің тоқырап қалғаны жайлы айтып жатады. Осы тұста «кітап оқу мәдениетін қалай жандан­ды­рамыз?» деген сауал туатыны анық. Оны бұқаралық мәдениетке айналдыруға не кедергі? Осы мәселе жөнінде кітаптары қалың оқырманға танымал болған дарынды жас қаламгерлердің пікірін білген болатынбыз.

Әлішер РАХАТ,
жазушы:

– Кітап оқуды трендке айнал­ды­ру арқылы жан­дан­­дыруға болады деп ойлаймын. Меніңше, дәл қа­зіргі уақыт мәде­ниеттің өркендей­тін кезі. Өйткені әлемде үлкен өзгерістер болып жатыр және ол жалғаса беретін түрі бар. Тарихты еске түсірер болсақ, осындай заманда адамдардың өнерге деген құш­тарлығы күшейеді және мәдениет қа­рыштап дамиды. Ал енді сұраққа келер болсақ, қазір көп кісі «қалай байысам, қалай отбасыммен бақытты болсам, өз орнымды қайдан тапсам» деген мәселеге ден қоя бастады. Блогер-психолог, коуч-консультант көбейді, демек сұраныс бар. Трендте солар. Күндердің күнінде әр нәрседен үміт еткен адамдар өнерден, әсіресе әдебиеттен өз сұрақтарына жауап табады деп сенемін. Бәлкім, сол кезде трендке айналар.

Оны бұқаралық мәдениетке айнал­дыруға шын мәнісінде еш кедергі жоқ. Тек шығармалар аз. Сапалы шығармалар аз. Бұқаралық әдебиетке лайық шығармалар жетіспейді. Әдебиетте жүрген көптеген автор үлкен өнер тұрғысынан жазуға, академиялық деңгейде мойындалуға ты­рысады. Шын мәнісінде, сапалы, кәсіби, жұмыр бұқаралық әдеби шығарма өмірге келсе, 10-20 мың тиражбен таралуға мүм­кіндігі бар деп ойлаймын. Ал бұл өз ке­зегінде барша әдебиетші қауымның жеңісі болар еді. Осы тұста «Квнщиктерді» жар­намалағандай, авторларды да мемлекет дәріптеп жіберсе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жадыра ШАМҰРАТОВА,
жазушы:

– Балабақ­ша­дан бастап кітапқа құрметпен қарау­ды үйренген бала бас­тауышта кітап­құмарға айналады, кітап оқу мәде­ниеті осылай келеді. Кітапты бұқаралық мәдениетке айналдыру үшін қазақ кітаптарының аудионұсқасын қолжетімді ете отырып, оның қағаз нұсқасы да жетіп, жаңа кітаптар туралы хабар тез таралып, талқыланып жатуы қалыпты жағдай саналатын қоғамға айналуымыз керек. Оған қашан жетеміз, алдымен жастар TikTok-тан, ересектер арзан шоулар көруден жалығуы тиіс, жанына басқа бір биік рухани дүниені керексінуі қажет.

Кітап оқуды бұқаралық мәдениетке айналдыру үшін қажетті жүйелі жұмыс керек, шынымен ниеттенсе, Үкіметтің өзі мұны келістіріп шеше алады. Ол үшін ол жақта руханиятқа жанымен жақын, біздің қазақ классиктерін түгел оқыған, жаңа әдебиетті дамытуға ниетті, өзінің ішінде «шіркін, біздің ұлт тәрбиелі, парасатты ұлтқа айналса екен» деген арманы бар адамдар отырса болды. Осы халық салық төлеп отыр, оның бір бөлігін кітап шығару, тарату, бұқаралық мәдениетке айналдыру ісіне жұмсасақ. Шығармалар насихат­та­лып, жастар арасында оқырмандар бай­қауы өткізілсе, ол жұмыстардың нәтиже береріне өз басым сенемін.

Абай кітап үйіне, А.Иманов көшесін­дегі кітап дүкеніне жиі барамын, сол жа­ға­лаудағы «Вива плаза» тұрғын үй кеше­нінде де кітап дүкені ашылды, ал соларға бас сұғатындар көп емес, онда өзі аз қа­зақша кітаптар сувенир сияқты тұрады. Соларды облыстардағы аудандар-ауыл­дарға жет­кізсе, өтер ме еді деп ойлаймын. Ал «Мело­манда» кітап таңдап жүргендер көп, не­гізінен орыс­тілді жастар. Кезекте тұрғанда әуестікпен жастар не оқиды деп қараймыз ғой, пси­хология, бизнеске қа­тысты кітап­тар, нон-фикшн, фэнтези, де­тектив… Бәрі орысша. Қазақша сөй­ле­мейтін, ауызекі сөйлесе де көркем шығар­маның тілін түсініп жарыт­пағандықтан, соңына дейін оқуға шыдамы жетпейтіндер, әлбетте орысша оқиды.

Оның үстіне, жастар баяғыда біз оқыған шығармаларды неге оқымайды деуге уақыт басқа, олар ақыл айтатын, мораль көрініп тұратын шығармаларды оқи бермейді, олардың дүниетанымымен қабысатын жаңа дүние керек, осыдан келіп жазушыға да, шығармаға да талап өзгергенін көреміз. Жазушылар да осыны түсінуі керек, егер шығарма жалықтырса, демек не уақыты өткен, не жаңашылдығы аз болуы мүмкін.

Бақытбек ҚАДЫР,
жазушы:

– Көркем әде­биет оқыған адам­ның барлығы жа­зу­шы, ғалым бо­лып кетпеуі мүм­кін. Алайда еліміз­дегі күрделі мәсе­ле – тіл мәселе­сі­нің бір шешімі осында жатыр. Әдебиет адамның тіл байлығын дамытады, арман-қиялы мен алға ұмтылысына ойтүрткі бо­лады. Неге Германия, Жапония өнер­тап­қыш, мықты технологиялар жасайды? Өйткені олардың шын мәнінде көркем әдебиеті жақсы дамыған. Еуропада бір мықты жазушының кітабын оқыса «өзінің қиялын дамыту үшін, рухани азық алу үшін оқимын» деген түсінік бар екен. Бізде болса «білім алып жатырмын» деп ой­лай­ды. Көркем әдебиет адамды алға жыл­жы­туға, ұмтылысына себепші болуы мүмкін.

Жалпы, кітапты өзің шығарып көрмей, жалпы осы процестерді бастан кешірмей бұл мәселе туралы қорытынды жасау қиын. Сондықтан біз «Дауыс» анто­ло­гиямызды нарыққа бейімде шығардық. Ешқандай мемлекеттің, Жазушылар ода­ғының қолдауынсыз, жеке кәсіпкерлердің демеуімен жарық көрді. Былайша айт­қан­да, бұл шектеусіз шыққан еркін шығарма. Сонымен, біз орташа баға қойып саттық. Көптеген өңірде кездесу өткізіп, анто­ло­гияның таныстырылымын жасадық. Осы­дан алып қарасақ, елімізде кітап жақсы өтеді екен. «Кітап оқылмайды, өйткені қазір гаджет заманы» деген қасаң түсінік бар. Ол негізі өзі кітап оқымайтын адам­ның пайымы шығар, «мен ктіап оқымай­мын басқалар да оқымайды» дегендей.

Белгілі бір деңгейде кітап оқитын ауди­тория бар. Тәуелсіздіктің бастапқы жыл­дарында кітап оқуға мұрша болмай то­қырауға ұшырады ғой. Қазір белгілі бір аза­маттар оқырман көңілінен шығатын қы­зықты кітаптың кең таралуына, оқы­луы­на атсалысып жүр. Раиса Қадырқызы балаларға арналған әдебиеттерді сапалы басып шығаруға кірісті. Санжар Керім­байұлының «Отбасы хрестоматиясы» се­риясымен шыққан жобасы көркем әдебиет болмағанымен, адамдардың кітапты іздеп жүріп оқуына түрткі болды. Былтыр Ас­тана әкімдігінің қолдауымен біраз қа­ламгер, ақындардың кітаптары басылып шықты. Алайда кітаптың саны шектеулі. 1 мыңдай дана, олардың көбі кітапха­наларға түсті. Меніңше, қазір кітапханаға барып кітап іздейтін оқырман көрсеткіші төмен деген ойдамын. Көбі кітапті дү­кеннен сатып алып, үйінде оқығанды қа­лайды. Осы тұрғыдан қарасақ, мемлекеттің қолдауымен кітап шығаруда кемшін тұс­тары бар деген ой туындайды. Мысалы, бір авторға кітабын шығаруға 3 млн теңге бөлінеді. Ол кітаптардың халыққа тара­ты­луы реттелмеген. 8 мың данасы еліміздегі кітапханаларға берілуі керек. Оның ор­нына еліміздің облыс және аудан орталық­тарында Жазушылар одағының кітап дүкендері ашылса. Мемлекеттің тапсыры­сымен шыққан кітаптар бүкіл аудан ор­талықтарында сатылатын болса деген ұсынысым бар. Бір жағынан халық мем­лекет қаржысына арзан бағада шыққан кітаптардың игілігін көрер еді. Бюджет авторларға берген ақшасын қайтарып алар еді. Бұл мемлекетке, авторға және оқыр­манға да тиімді. Осындай ұсыныста­ры­мызды ұдайы айтып келеміз.

Ең бірінші осы мәселеде авторлардың өзінің ерік-жігері қажет. Баяғыдай «мен жаздым болды, енді мемлекет шығарып беруі керек» деген ойдан арылуы тиіс. Жазушы жартылай менеджер болуы қажет. Сондай-ақ халықтың мәдениетін үлкен сапаға көтеру үшін кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға мемлекет те мүдделі екені жасырын емес қой.

Әзірлеген
Жәнібек АМАНГЕЛДІ


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ