20-дан астам азамат алаяқтық схемасынан зардап шекті

0
43
20дан астам азамат кәмелетке толмағанның алаяқтық
схемасынан зардап шекті
Алаяқ банк қосымшасы арқылы елорда тұрғындарына
ақшалай кредиттерді ресімдеу жоспарын әзірлеген.Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Жәбірленушілердің ақшаларын трейдингтік
компанияларға инвестициялайтынын айтып, несиені өзі
жабуға уәде берген.
Сонымен қатар, жәбірленушілерді қарыз сомасының
22%, сондай-ақ келген әр жаңа клиент үшін 10% түріндегі
сыйақы үлесін алатындарымен алдаған.
Осылайша, кәмелетке толмаған 20 жәбірленушінің 11
млн теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқырған.
Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін
дәлелдеп, оның жәбірленушілер үшін табыс табу ниеті
болмағанын анықтады.
Барлық ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне
жұмсағаны сотта дәлелденді.
Сот үкімімен жәбірленушілерге келтірілген залал
толықтай өндіріліп кінәлі тұлға сотталды. Жәбірленушілердің
азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне
енді.
Қала прокурорлары тұрғындарға тез және үлкен табыс
әкелетін күмәнді мәмілелерден бас тартуды ескертеді,
өйткені бұл алаяқтық белгісі болуы ықтимал.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ