2023 жылы демалуға арналған үздік елдер тізімі жарияланды

0
218

Travellers’ Choice Awards халықаралық премиясының 2023 жылғы нәтижесі бойынша демалуға арналған үздік ел – Куба деп танылды. Рейтингке енген 25 елдің толық тізімін TripAdvisor онлайн-сервисі жариялады.

«Әлемнің түкпір-түкпірінен келушілер бұл арал мәдени алмасудың таңғажайып мүмкіндік ұсынатынын біледі. Гавана – ескі жылдар сәулеті мен заманауи мәдениеттің қоспасы. Испандық отарлық архитектураны көбірек көру үшін Куба астанасынан Тринидад шағын қаласына барыңыз», делінген басылым жариялаған материалда.

Рейтингтің екінші және үшінші орындарын Вьетнам мен Маврикий аралы өзара бөлісті. Олардың артынан Камбоджа мен Таиланд үздік бестікке енді. Кайман аралдары, Марокко, Әзербайжан және Непал да саяхаттаудың ең тамаша орындары ретінде танылған. Ең көп сұранысқа ие туристік бағыттардың үздік ондығын Польша жапты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ