Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі

🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарыс
Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.

🔹27 қаңтар – 3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS)
Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлак қ.

🔹27 қаңтар – 2 ақпан – Пара шаңғыдан Әлем кубогі
Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.

🔹28 қаңтар – 6 ақпан – Семсерлесуден Әлем кубогі (шпага, әйелдер)
Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.
Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.

🔹30 қаңтар – 4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогі
Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Польша, Щирк қ.

🔹1 ақпан – 10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.

🔹1 – 3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты
Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).
Өтетін орны: Алматы қ.

Сәйкес жаңалықтар

Елордалық пара спортшы Франциядағы беделді турнирде күміс медаль жеңіп алды

Есіл өзеніне 600 мыңнан астам сазан мен ақ амур шабақтары жіберілді

Қарағандылық самбошылар Қазақстан чемпионатына дайындалып жатыр

zamandas69@mail.ru