Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Өрт сөндіру машинасын жетілдіру

2023 жылы Абай облысында болған ірі орман өртінен кейін орман шаруашылығының мамандары өртті сөндіру жұмыстарының неліктен қажетті деңгейде жедел жүргізілмегенін жан-жақты талдады. Талдау нәтижесінде орман өрттерін жедел сөндіруге арналған заманауи әрі маневрлі өрт сөндіру машинасының макетін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Осылайша, жаңа техниканың прототипі жасалып, кейін ол Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Абай облысында сынақтан өткізілді.

Сынақ барысында өрттерді сөндіру кезінде туындаған барлық ұсыныстар мен ескертулер жиналып, сондай-ақ мұндай техникаға қойылатын техникалық талаптар ескерілді. Нәтижесінде негізгі талаптардың барлығына сай келетін өрт сөндіру машинасы жасалды.

Машинаның жол талғамайтын мүмкіндігі жоғары, су цистернасының көлемі шамамен 3000 литрді құрайды, қозғалтқыш қуаты шамамен 300 ат күшіне тең және қуатты сорғымен жабдықталған. Бұл сорғы өртті бір орында тұрып та, қозғалыс кезінде де сөндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сорғыны жүргізуші кабинасынан да, өрт сөндіру бөлігінен де іске қосуға болады.

Артқы көрініс камерасы бар, сондай-ақ машинаның периметрі бойынша тосқауыл жасап доңғалақтарды, кабинаны және қозғалтқыш бөлігін қорғайтын өздігінен өрт сөндіру жүйесі орнатылған.

Бұл техника посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей жоба болып табылады және орман өрттерін сөндірудегі заманауи шешім ретінде бағаланады.

Сәйкес жаңалықтар

Жартыжылдық қорытындысы: мемлекеттік сатып алуда ОТӨ қолдау шаралары, салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және «Ұлттық қор – балаларға»

Президент Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды

Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады?