29 шілдеде «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

0
168
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау 29 шілдеде басталады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие алу үшін 35 жасқа дейінгі жастар 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтінім беруі қажет.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді www.almaty-zhastary2024.kz сайты арқылы беруге болады.

Бұл үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Бағдарлама аясында несие беру шарттары:

  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі.

Биыл 1 200 адам қамтылады деп жоспарланған.

Қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • Өтінім беру кезінде өтініш берушінің және жұбайының (бар болса) Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы;
  • Өтінім беру кезінде қатысушы 35 жасқа толмауы керек, ал жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптының біреуі ғана қатыса алады;
  • Қатысушының және оның отбасы мүшесінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактісінің болмауы.
  • Қатысушының Алматы қаласында ең кемі соңғы 6 ай бойы міндетті зейнетақы аударымы бар жұмыс өтілі болуы қажет. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары, қалалық коммуналдық қызметтер және «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы бойынша жалдаушылары (2019 жылы желтоқсан).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ