5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды

0
147
Фото: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Қазақстанның ұлттыұ құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni не сілтеме жасап.

Жарыстың соңғы күнінде ұлттық құрама спортшылары 11 алтын, 9 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алды. «Қазанат» ипподромында өткен бәйгеден Қазақстан 18 жүлдеге ие болды: 6 алтын, 7 күміс, 5 қола.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада өтті.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ипподром маңындағы этноауылда өткен теңге ілуден жеті құт стилінен Бақыт Төлтай алтын жүлде алды.

Этноауылда құсбегіліктен өткен ақтық сында бүркіт салудан Серікбек Күнтуған алтын жүлдеге ие болды. Ал күмісті Ержан Байқадамов, қола жүлдені Арман Қошқаров иеленді. Ителгі салудан Бағдат Кеуенов қола жүлде иеленді.

«Алау» мұз сарайында өткен қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан ақтық сында Қазақстан құрамасы 96:18 есебімен Қырғызстан спортшыларына есе жіберіп, күміс жүлде алды.

«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан әйелдер арасында Құндыз Есіркеп алтын жүлде алса, Айкерім Қуанышбекова қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Биғали Зкиряев алтын медаль алса, Азамат Қайдаров қола жүлде еншіледі. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ