Астанадағы төрт этноауылда мерекелік концерттер өтеді

0
90

Астанада 14 қыркүйек күні төрт этноауылда – «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» саябағы, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ маңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Концерттік бағдарламаға мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің шығармашылық ұжымдары мен солистері, сондай-ақ белгілі өнер қайраткерлері мен отандық эстрада жұлдыздары қатысады.

Этноауылдар мына орындарда орналасқан және мынадай кесте бойынша жұмыс істейді:

Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Ол сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 15 қыркүйекте (сағат 11.00-13.00) жабылады. Сағат 18:00-ден бастап этноауыл аумағында «Наз» би театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Алматы ауданында этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол өз жұмысын 14 қыркүйекте (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін) аяқтайды.

Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін ашық. Жұмысын 14 қыркүйек күні (сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін) аяқтайды. Сағат 18.00-ден бастап этноауыл аумағында Қуыршақтар театры мен елордалық цирк әртістерінің қатысуымен «Балаларға базарлық» балалар бағдарламасы өтеді.

Нұра ауданының этноауылында концерттік бағдарлама сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті, оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ