Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Экономика

«7-20-25» бағдарламасымен бес мың ипотека займы беріледі – Құрылыс министрі

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

– Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев тұрғын үй займдарына көзделген қаражатқа қатысты түсінік берді.

«Жылдық 2 және 5% мөлшердегі жеңілдікпен тұрғын үй ипотекасына 7 мыңға жуық займ беруге 81 млрд теңге бөлінді. Ал «Отау» ипотекалық бағдарламасы бойынша 9%-бен 150 млрд теңге сомасына 8 мың қарыз беру көзделіп отыр», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында сауалға жауап бере отырып.

Сондай-ақ, министр «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге сомасына 5 мыңға жуық займ берілетінін айтты.

«Осылайша биыл тұрғын үй құрылысын дамытуға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсалды. Бұл 64 мың азаматтың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», – деп толықтырды ведомство басшысы.

Бұған дейін Қ. Шарлапаев мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатынын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов Шанхайда өткен VII Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты

Ұялы байланыс операторларына заңнама талаптарын күшейту керек – депутат

Олжас Бектенов Президенттің Риддерде энергетикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді