Мамырда жаңа ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады – министр

0
38
Коллаж: Kazinform

– Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа баспана бағдарламасы туралы мәлім етті.

«Мамырда «Отбасы банкімен» жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады. Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін 9 пайызбен беріледі. Алғашқы жарна 20 пайызды құрайды», – деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында.

Тұрғын үй бағдарламасы моноқалалармен қатар ауылда да қолданысқа енгізіледі.

«Жалпы бөлінетін қаражаттың 30%-дан аспайтын мөлшерде моноқалалар мен елді мекендерде тұрғын үйді екінші нарықтан сатып алуға болады. Биыл 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады», – дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес сатып алу құқығымен берілетін арендалық тұрғын үй туралы айтты.

«Оның көлемін бірнеше есеге арттырып, жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосуы қажет. Механизмдердің негізгі шарттарына тоқталатын болсам. Әкімдіктер жеке құрылыс компанияларынан ауданы 80 шаршы метрді құрайтын жаңа тұрғын үйді сатып алады. Тиісті нормаларды Үкімет қабылдады, мамыр бастап қаржыландыру басталады», – дейді ол.

Айта кетсек, Мәжілісте кезекте тұрғандарға арендалық тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беретін заң жобасы қаралып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ