92 жастағы ғалым мектеп бітірушілерге кеңес берді

0
123

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мем­лекеттік сыйлықтың иегері Төрегелді Шар­манов мектеп біруші жас түлектерге кеңес айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Академик жас түлектерге мамандық таңдауда жаңылмауға кеңес берді. Айтуынша, әрбір жас жүрегі қалаған саланы таңдаса, үлкен жетістіктерге жетеді.

 «Өзің таңдаған салада еңбек етсең, жетістікке жетесің. Сондықтан мамандықты ішкі дүниең арқылы таңдау керек. Қайсысын сүйесің, не үшін жақсы көресің деген ұғым қалыптаспай, жақсы маман бола алмайсың. Сен сол мамандықты таңдадың. Ішкі дүниеңнің мақұлдауымен. Сырт көз ғана емес, табыс табу емес. Өмір сүруім жақсарады, жұмысымды тереңірек сезсем, мүмкіншілігім артады деген сезім болу керек. Ол сезімсіз сенім тумайды. Сезім сенімге жол ашып береді», – деді ғалым.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ