«Тальго» пойыздарының асханасы неге қымбат

0
227
Фото: freepik.com

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде «Тальго» пойыздарының асханасы неге қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Тальго» пойыздарындағы асхананың бағасы өте қымбат. 4-5 мың теңгеге ғана тамақтануға болады. Неліктен солай? Оны түсірудің мүмкіндіктері бар ма?», – деп сұрады журналист.

Министрдің сөзінше, мемлекет бұл бағаны реттемейді.

«Енді ол жеке нарықтағы мәселе. Оның нарығы жалпы қадағалауға жатпайды. Оның үстіне тағы да қарау керек. Жолаушыларды тасымалдауға қатысатын 30-дан астам оператор бар. Яғни, тек «Қазақстан темір жолына» ғана байланысты емес, қызмет атқарып жатқан жеке кәсіпкерлер де бар. Солардың өзінің іс-шарасы. Оның бағасы ешқашан бақылауға жатқан емес. Оның бағасын бақылап жүрген жоқпыз», – деді Марат Қарабаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ