Қазақстандағы ономастикалық комиссиялардың жұмысын жетілдіру – бұл мәдени тұтастықты нығайтуға, тарихты құрметтеуге және мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруға жасалған қадам

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысына қатысты. Шараға қатысушылар ономастика жұмысын жетілдіру, оның ішінде атын өзгерту рәсімдерін оңайлату, қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыру және атауларды талқылаудағы жұртшылықтың рөлін күшейту мәселелерін талқылады.
Нұртөре Жүсіп отырыс барысында ономастика комиссиясы көшелер мен елді мекендердің атауларын өзгертумен қоса географиялық объектілердің атауларын бекітуде және атауларды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекеттік тәуелсіздікті, тіл саясатын және тарихи әділеттілікті нығайту жағдайында ономастикалық комиссиялардың жұмысын жетілдіру қажеттігі ерекше маңызға ие болуда.
«Ономастикалық саясат ұлттық ерекшеліктің маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан тиісті комиссиялардың қызметі кәсіби, транспарентті және ғылыми негізделген болуы керек. Қазақстандағы ономастикалық комиссиялардың жұмысын жетілдіру – бұл мәдени тұтастықты нығайтуға, тарихты құрметтеуге және мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруға жасалған қадам», — деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор сарапшылармен талқылау барысында ономастикалық комиссиялар жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттырудың маңыздылығын да атап өтті. Ол цифрландыруды, оның ішінде өтінімдер беру, олардың қаралуын қадағалау, шешімдерді жариялау және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау үшін электрондық платформаларды енгізуді басым бағыттар ретінде атап өтті. Өйткені бұл қадамдар комиссиялардың қызметін ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
«Ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы үдерістерді цифрландыру – бұл жай ғана технологиялық жаңалық емес, қоғамның ономастикалық саясатқа ашықтығын, есептілігін және сенімін арттыру құралы. Мұндай жүйелерді енгізу рәсімдерді жеңілдетеді, шешімдер қабылдауды жеделдетеді және азаматтардың Қазақстанның топонимикалық кеңістігін қалыптастыруға кеңінен қатысуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ресми сайттарда шешімдерді, Хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды орналастыруды қоса алғанда, отырыстардың қорытындыларына ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды. Бұл халыққа қайта атаулардың дәлелдерімен танысуға мүмкіндік береді және субъективтілік пен жабық болудан арылтады», — деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.