Тәрбие – тал бесіктен басталады

0
3050

Адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен тал бесіктен, жер бесікке дейін тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп өседі. Ең алдымен ана сүтімен дарыған тәрбие үлкендерге байланысты. Себебі, адамның бәрі жас шыбық секілді. Жас шыбықты қалай баптасаң, ол солай өркен жайып өсе береді. Біз айтпақ мәселе де осыған сайып келеді. Қазіргі жастардың тәлім-тәрбиесі қандай деңгейде. Осы тақырып аясында сөз қозғауды жөн көрдік.

Тәрбие тал бесіктен басталады?

Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды. Бір дана «Біз мәпелеп, қиындықтан қорғап, ыстық-суығына өзіміз түсіп жүріп, баламызға қастық жасап жатырмыз. Кейін есейгенде өмірге бейімі жоқ, шыңдалмаған бала қиындыққа тап болса, морт сынады» деген екен. Соны білген аталарымыз жастайынан ерлікке тәрбиелеген. Қызын қырық үйден тыйып, еркелетіп, бар мейірім-махаббатын төгіп өсірсе, ұлын еңбекке шынықтырып, қайратты, батыл етіп тәрбиелеген. Қазақ қашан да бала тәрбиесін алғашқы орынға қойған халық. Себебі баласы арқылы бүкіл ұрпағын тәрбиелеп жатқанын ұққан. «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», – дейді. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөліну керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізін жалғап жүрері сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс-әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады. Иә, жас баланың бойына тәлім-тәрбиені сусындатып өсіру өте қиын. Бұған күнделікті өзіміз көріп жүрген немесе жазушылардың жазып кеткен шығармалары желісіне қарап, аңғаруға болады. Десе де қазіргідей рухани құндылықтан материалдық құндылықтың басым түскен тұсында бала тәрбиесі де ақсап тұрғаны жасырын емес. Бүгінгінің жастары «әй дейтін әженің, қой дейтін қожаның» жоқтығының күйін кешіп жүргендей көрінеді. Әрине, бәрі бірдей деп айтудан аулақпыз. Бірақ осындайдың кейіпін кешіп жүрген жастарды жиі кездестіруге болады.

Сүрініп кетіп, бүлініп жүрген жастарды қайтпек керек?

Қазір сүрініп кетіп, бүлініп жүрген жастар көп. Білімге, жалқаулыққа, еңбекке биімделудің орынан құмар ойынын ойнап, жеңіл жолмен ақша табуды ғана ойлайды. Қазіргі таңда кейбір дерекке сенсек, елімізде 350 мыңнан аса азамат құмаройынның жетегінде кеткен болса, олардың орташа қарызы 10 млн теңгеден асып жығылады. Бүгінде елімізде бақытымыз баянды, болашағымыз жарқын болады деген үмітпен шаңырақ көтерген 10 жұптың 7-еуі осы құмар ойынның кесірінен ажырасып жатыр. Ендігі талайлар несиеге кіріп, бар дүние-мүлкінен түгел айырылып жатқандары қаншама?

Тәрбиеден қалт кеттік пе?

Соңғы жылдары мектеп оқып жүріп ана атанатын, өз-өзіне қол жұмсап, бұзақылық жасайтын, зиян әдеттерімен әбден достасып алған оқушалрдың саны күн санап артып барады. Қаршадайынан қолына темекі ұстап, қылмысқа барған ұлдар мен бойжеткендерге кім жауапты? Мектеп қабырғасында жүріп ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Күн батса болды көше кезген қызды ма, ұл-қызымен дос-құрбысындай сырласуға уақыт бөлмейтін ата-ананы ма, әлде ортаны ма? Мүмкін дана Абай айтқандай, «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» болар.

Бүгінгі заман жастары қандай болуы керек?

Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Кез келген ортада бәсекелестік болатыны рас, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана. Тәрбие мен білімді, ғылым мен ілімді, бар асыл құндылықты дәріптейтін еңбек. Адам еңбек арқылы бәрін де жеңбек. Сол еңбекті қозғаушы негізгі күш – тәрбие мен білімде жатыр. Білімді болайық, тәрбиелі болайық!

Дархан Байтілес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213