Адам құқығы – басты құндылық

0
228

Елімізде 9 миллионнан аса еңбекке қабілетті адам бар. Мамандардың айтуынша, бұл – Орталық Азияның еңбек нарығындағы үлкен күш. Сондықтан болар, елде жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек дауы жиі тіркеледі. «Бұған ең басты себеп – құқықтық сауатсыздық», дейді заңгерлер. Халықтың басым көпшілігі қызметке алынып, екі қолға бір күрек табылуын мақсат тұтады, ал еңбек шартының түпкі байыбына баратындар аз. Сол себепті де еңбек құқығының қандай заңдармен қорғалатынын біліп жүрген жөн.

Елде еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жұмысшы құқығын тап­таған лауазымды тұлғаларға – 70, шағын кәсіпкерлік субъек­тілерге – 150, орта кәсіп­керлерге – 200 және ірі кәсіп­орын­дарға 300 АЕК айыппұл төлеу міндеттеледі. Ал Қылмыс­тық кодекс бойынша он бес тәулік­тен үш жылға дейін темір торға қамау көзделген.

Статистикалық мәліметтер­ге сәй­­кес, өткен жылы еңбек инспек­тор­­­лары 20,2 мың жұ­мыс­кердің құ­­­қы­ғын қорғаған. Олардың басым көпшілігі жұ­мыс орнында қыз­­­мет­керлерге бері­летін үстеме­ақы, қосымша құрал-жабдық­тар, та­м­ақ­­пен қамту секілді міндетте­ме­­­­лер­­дің бар екендігінен хабарсыз.

Осы орайда заңгер, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов «Әр адам еңбек құқығын және оны қор­ғаудың негізгі заңдарын бі­луі қажет, ол үшін түсін­ді­ру жұ­мыс­тарын жандандыру керек», деген пікірін ортаға салды.

– Еңбек құқығына қатыс­ты заңда айтылған адамдар­дың бі­ліп жүретін бірнеше бабы бар. Мәселен, заң бойынша мәж­бүрлі еңбекке тыйым салынады. Бұл Еңбек кодексінің 7-бабында көрсетілген. Мәжбүрлі еңбек адамнан қандай да бір жаза қол­дану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерік­ті түрде өз қызметтерін ұсын­ба­ған кез келген жұмысты неме­се қызметті білдіреді. Мәжбүрлі еңбекке жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізіле­тін және оны орындайтын адам жеке (немесе) заңды тұлғалар­дың билігіне берілмейтін немесе тап­сырылмайтын жағдайда сот­тың заңды күшіне енген үкі­міне байланысты, төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Егер жұмыс ор­ны қыз­меткерді еркінен тыс мін­детінен бөлек жұмысқа тартатын бол­са, қызметкер осы баптың не­гіз­інде арыздануға құқылы, – деп түсіндірді заңгер.

Сонымен қатар осы кодекс­тің 6-бабымен еңбек саласын­да­ғы кемсітушілікке тыйым са­­­лы­нады. Әр адамның еңбек са­ла­сындағы өз құқықтары мен бос­­тандықтарын іске асы­руға тең мүмкіндіктері бар. Еш­­кім­­нің еңбек саласындағы құ­қық­тарына шек қойылмайды. Мә­селен, жұмыс орнында қыз­меткердің шығу тегіне, әлеу­мет­тік, лауазымдық және мү­ліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дін­­ге көзқарасына, нанымына, тұр­ғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қа­­тыс­тылығына байланысты ешқан­дай кемсітуге болмайды. Ең­бек саласында кемсітушілікке ұшырадым деп есептейтін адамдар заңда белгіленген тәртіппен сот­қа немесе өзге де орындарға жүгінуге құқылы.

Ал еңбек заңнамасын бұз­ған жұмыс берушілер Қылмыс­тық кодекстің 152-бабымен жа­за­ға тартылады. Жұмыскермен ­ең­бек шартын заңсыз тоқтат­қан не соттың жұмысқа қайта орналастыру туралы шешiмiн орындамаған жұмыс берушілер белгілі бір лауазымдарды атқа­ру немесе қызметпен айналысу құқығынан айырылады немесе бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтің айтуынша, еңбек құқығы бұзылған жағдайда ол адам­ның өзге де міндеттеріне кері әсер етеді.

– Адам құқықтарының бірі бұзылса, ол автоматты түрде бас­қа құқықтардың бұзылуына әкеп соғады. Еңбек құқығы бұзылса, мәселен, бекітілген 8 сағаттық жұмысты біз 10, тіпті 12 сағат істеуге мәжбүр болсақ, онда біз­дің отбасымыздағы міндетіміз бен құқығымызға нұқсан келді деген сөз. Оның үстіне 10, 12 сағат жұмыста отырып, үйге же­теміз дегенше бірталай уақыт өтеді. Әсіресе Астана, Алматы секілді ірі қалалардағы кептелісті есептесек, үйге келуіміз екі-үш са­ғатқа дейін созылады. Сон­дай-ақ балаларды балабақ­ша­дан, мектептен алып кету керек, сатып дүкеннен керекті зат­­тарын сатып алу үшін тағы уақыт қажет. Ал үйде ата-ана от­басына, бала-шағасына көңіл бөліп, салт-дәстүрді, отбасы құн­­дылықтарын қастерлеуге бау­­­лу қажет. Оған уақыт қай­да? Сон­дықтан, міне, бір ғана еңбек құ­қығының бұзылуы қандай кем­­шілікке алып келетінін кө­ріп отырмыз. Сондықтан ең­бек құ­қығының сақталуына жұ­мыс­кер де, жұмыс беруші де мұқият болған жөн, – деді заңгер.

Депутат сонымен бірге Қа­зақстан заңдарын халықаралық шарттарға сәйкес келтіру керек деп есептейді.

– БҰҰ-да адам құқығы туралы 14 индикатор бар. Солардың индикаторларына өзіміздің ұлт­тық индикаторларды сәйкес кел­тірсек, біздің мемлекеттік саясат жоғары деңгейге жетеді. Бұл өте маңызды. Адам құқығы саласында жеке құқығы, саяси әлеуметтік құқығы, мәдени, еңбек құқығы болсын барлық жерде бірінші орында болуы керек. Біз осы орайда БҰҰ-ның стандарттары­на қарауымыз керек. Қазақстан­ның өлім жазасынан бас тартып, халықаралық ұйымдар­мен бірге болуы маңызды. Мұны дүниежүзі қолдап отыр. Ал әкімшілік юстицияға көңіл бөл­геніміз қарапайым халықтың жағдайын көтеруді білдіреді. Адвокаттардың деңгейін көтеру, әйел мен бала құқын жоғары қою – бәрі адам құқықтарымен байланысты, – деді Марат Бәшімов.

Мәжіліске жаңадан келген заңгер адам құқығы мәселесін үнемі көтеріп келді. Енді Парла­ментте Конституциялық соттың рөлін арттыруға күш салмақ.

– Әртүрлі салада адам құқы­ғын бірінші орынға қою керек. Мәсе­лен біз зорлық-зом­бы­лыққа қатысты заңның барын біле­міз. Қазір өзекті болып тұрға­ны да сол. Парламентке де осы тұрғыда жұмысты жанданды­ру керек. Парламент Мәжілісі осы бағытта жұмыс істейді. Осы жұ­­мыстарды Конституциялық сот­­пен бірлесіп жалғастыру ке­рек деп есептеймін. Конс­ти­­ту­циялық соттың рөлін кү­­­шей­туде Парламенттің де жа­­уап­­кершілігі артайын деп отыр. Со­нымен қатар әкімдер­дің жа­уап­кершілігін күшейтуді атап өту қажет. Баса назар аудара­тын мәселелердің келесісі – тұр­ғындардың билікпен қарым-қа­тынасы. Ол да маңызды, – деді Мәжілістегі негізгі қызметіне тоқ­­талған Марат Бәшімов.

ТҮЙІН. Адам құқығы – ел Конституциясының басты принципіне айналған жоғары мәртебеге ие құндылық. Мемлекет аумағындағы кез келген адам мемлекет тарапынан қорғауға алынады, ал оның құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын ІІ бөліміндегі 24-бабының 1-тармағында «Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар» делінген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында: «Мен адам құқықтарын қорғау бағытына ерекше назар аударамын, өйткені оның жай-күйі, сайып келгенде, біздің қоғамның даму деңгейіне әсер етеді», деп атап өткен еді. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін ұмытпауымыз керек.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Олжас Бектенов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысына қатысты


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213