Сириядағы жер сілкінісі: 3 айдан соң үйінді астынан тірі адам шығарылды

0
357

Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыт өткеннен кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған ер адамды алып шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy жазуынша, 16 мамырда желіде тараған видеолардан бет-аузын сақал-мұрт басқан, қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.

Оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғаны белгісіз. Құтқарушылар ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Қазір ауруханада емделіп жатыр.

Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Бірнеше күн бойы тірі қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз