Құлсарыда жоғалған екі адамның мәйіті табылды
Бүгін таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысының ТЖД қызметкерлері 2 адамның денесін тапты.
Айта кетсек, кеше Жылыой ауданының Құлсары қаласында рұқсат ету құжатынсыз 1974 жылы туған ер адам досымен бірге трактормен су басқан тұрғын үйді тексеруге бара жатқанда, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
Оларды іздеуге ТЖД жеке құрамынан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.