Елордада шетелдік медициналық университеттің филиалы ашылады

0
254
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астана медицина университетінің базасында Istanbul Medipol University-дің филлиалы ашылады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Қазақстан мен Түркия арасындағы жетекші медициналық жоғары оқу орындарының арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Istanbul Medipol University ректоры Омер Джеран түрік әріптестерінің елімізде медициналық білім мен практиканы жақсартуға бағытталған бірлескен жобаны іске асыруға дайын екенін айтты.

Қос тарап арасындағы келісім Астана медицина университетінің базасында Istanbul Medipol University филиалын ашуды көздейді. Ынтымақтастықтың шеңберінде Istanbul Medipol University оқытушылары мен клиницистері Астанада дәрістер мен мастер-кластар өткізеді. Сондай-ақ Астана медицина университетінің студенттері мен оқытушылары Түркияның клиникалары мен ғылыми базаларында оқыту мен практикадан өтуге мүмкіндік алады, — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Istanbul Medipol University – Түркиядағы ең ірі жеке жоғары оқу орындарының бірі. Ол 2009 жылы құрылған. ЖОО-ның Ыстанбұлда 13 заманауи университеттік клиникасы бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз