Мемлекеттен баспана алуға 650 мың адам кезекте тұр

0
135
www.istockphoto.com
Қалғаны оларды өткізіп жіберуге мәжбүр. Сондықтан көбіне кезектегі адамдар алға жылжымай, керісінше, артқа қарай ығысуда. Бұл туралы Аikyn.kz сайты 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа заңда адамдар осы мәселеге тап болмас үшін кезек екі лекке бөлінеді. Жалпы баспананың 70 пайызы меншік құқығы бар азаматтардың арасында бөлінеді. Осылайша, тізімде жоқ адамдарсыз кезек жылдам жылжиды деп болжануда. Алайда кей сарапшылар мұндай өзгеріс еш нәтиже бермейді деп санайды.

“Бұл өзгеріс мәселені шешпейді. Кезек бұған дейін қалай болса сол  қалпы қалады. Оны екіге бөлгеннен ештеңе шықпайды. Кезек жылдам жылжып кетпейді”, – дейді сарапшы Фарид Алиев.

Жетім балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің отбасыларынан бөлек, басым құқыққа иегерлердің тізімі соғыс ардагерлері, ерекше күтімді қажет ететіндер мен мүгедектігі бар балаларды асырап отырған жесір әйелдермен толықты.

Осы уақытқа дейін баспанаға мұқтаж отбасыларды тіркеуге алып, оларға пәтер үлестіру жергілікті атқарушы органдардың міндеті еді. Енді ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл міндеттемелер «Отбасы банкіне» жүктеледі.

“Банк нарықтағы бастапқы тұрғын үйді құрылыс компанияларынан сатып алады. Сол арқылы мемлекеттік тұрғын үй қорын толықтырып, кейін оны кезекте тұрған адамдар арасында бөледі. Бұл, әсіресе, шағын қалаларда жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған адамдардың жағдайын жеңілдету керек. Бұл үдеріс жергілікті атқарушы органдардың, «АMANAT» партиясы, депутаттар мен қоғам белсенділерінің бақылауында болады”, – дейді шенділер.

Апатты жағдайда тұрған үй иелері мемлекеттік қордан тұрғын үйді пайдалануға ғана емес, оны қалдық негізінде жекешелендіру үшін де өтініш бере алады.

“Баспана бағасы құны төмендейді. Яғни, оның бүгінгі бағасы салыстырмалы түрде алғанда 10 миллион болса, келесі жылы ол 2 пайызға төмендейді”, – дейді сарапшы.

Бірақ пәтер алу үшіне азамат баспанаға мұқтаж деп танылуы керек. Мемлекеттік қордан тұрғын үйді:

Ұлы Отан соғысының ардагерлері,

Ерекше күтімді қажет ететіндер;

Ликвидаттар (ісі тоқтатылған жағдайда борыш өндіріп алынатын борышқор);

Чернобыль апатынан зардап шеккендер;

Экологиялық апаттың құрбандары,

20 жылдан астам еңбек өтілі бар қарулы күш қызметкерлері;

Қаза болған қарулы күш қызметкерлерінің туыстары;

Ғарышкерлер;

Қуғын-сүргін құрбандары жекешелендіре алады.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз