Ұлттық банк басшысы Азат Перуашевтің сынына жауап берді
— Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің елдегі ақша-несие саясатын сынап жазған пайымына пікір білдірді.
«Ақ жол» партиясының депутаты Азат Перуашев базалық ставканы бүгін сіздер жариялаған деңгейге дейін түсіру — түкке тұрғысыз шешім екенін жазды. Өз партиясының жылдар бойы базалық мөлшерлемені 5-7 пайыз дәлізіне дейін түсіру керектігін айтып келе жатқанымен, құлақ аспай отырғандарыңызды айтыпты. Пайыздың жоғары болуы өндірушілерге ауыр тиіп жатқанын да айтқан. Бұл мәлімдеге қандай жауап айтасыз?» — деп сұрады БАҚ өкілі.
Тимур Сүлейменов бір партияның сынына бола бүкіл халықтың тіршілігіне кері әсер ететін шешім қабылдау мүмкін еместігін тілге тиек етті.
«Депутатқа жауап деген дұрыс емес шығар. Өйткені ол маған тікелей сауал жолдап отырған жоқ. „Ақ жол“ партиясының ұстанымына келсек, ол — кәсіпкерлердің, өнеркәсіп иелерінің партиясы. Сондықтан да Мәжіліс құрылымындағы өте маңызды партия. Олар бірінші кезекте және басты негізде кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Солай болуы да керек. Бірақ біздің елде кәсіпкерлер ғана тұрып жатқан жоқ. Халықтың көпшілігі кәсіпкер емес. Жалдамалы жұмыс істеп жүргендер, студенттер, балалар, зейнеткерлер бар деген сияқты… Инфляцияның әсері бәріне тиеді. Бірақ бәріне бірдей деңгейде тимейді. Табысы көбірек адамдарға инфляция азырақ әсер етеді. Ал айлықтан айлыққа дейін өмір сүріп жүргендерге кез келген тауардың бағасы кез келген мөлшерде өссе, әсері қатты сезіледі. Азық-түлік тауары болса да, азық-түлікке жатпайтын тауар болса да солай. Сондықтан оларды назардан тыс қалдыра алмаймыз. Біздің негізгі мандатымыз — баға тұрақтылығы», — деді ол.
Тимур Сүлейменов базалық ставка төмен болса, кәсіпкерлердің банктен алатын несие мөлшерлемесі де төмен болатынын атап өтті.
«Инфляция деген — макроэкономикадағы ең қиын басқарылатын көрсеткіш, құбылыс. Сәйкесінше, біз несиені арзандатудың жолында базалық мөлшерлемені түсіре алмаймыз. Түсірмейміз де! Бізге инфляцияны түсіру қажет, сондықтан инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-несие саясатын жалғастыра береміз. Кәсіпкерлер алатын несиенің пайызы жеңіл, өзі қолжетімді болуы үшін Үкімет тарапынан, „Бәйтерек“, жергілікті әкімдіктер тарапынан көптеген қолдау шаралары қабылданған. Яғни, олар өз сайлаушыларының пікірін жариялауға құқылы. Бірақ Ұлттық банк бүкіл халықтың мүддесіне жұмыс істейтіндіктен де Ұлттық банк есептеледі», — деді Ұлттық банк басшысы.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658