Қызылорда облысында кент және ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр

0
116
Фото: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы

 — Қызылорда облысында бүгін кент және ауылдық округте әкім сайлауы өтіп жатыр.

Бүгін Қазалы ауданының орталығы — Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінде әкімі сайлауы өткізілуде.

Сайлау процесі 14 учаскеде ұйымдастырылып отыр. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден басталды, ол 20.00-ге дейін жалғасады.

«Кент және ауылдық округ бойынша 30 мыңға жуық сайлаушы дауыс беру құқығына ие. Әйтеке би кентінің әкімі болуға 2 кандидат, Сунақата ауылдық округі болуға 3 кандидат сайлау бюллетеніне енді. Олардың басым бөлігі өзін-өзі ұсыну жолымен бақ сынап көруде. Аймақта сайлауға отбасымен келу үрдісі кеңінен қанат жайып келеді. Сондай-ақ, бір көшенің тұрғындары саналатын көршілер, ұжым қызметкерлері бір мезетте келіп дауыс беруге атсалысуда», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық сайлау комиссиясынан.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз