Азаптау бойынша 33 адамға қатысты іс сотқа жолданды

0
141
фото: azattyq-ruhy.kz

Азаптау бойынша 33 адамға қатысты іс сотқа жолданды,

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы қаңтардан бастап азаптаулар туралы істерді тергеп-тексеру прокуратура органдарына жүктелді. Нәтижесінде азаптаулар туралы арыздардың саны өткен жылы 2 есе (791-ден 417-ге дейін), ал биыл үштен бірге қысқарды.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылы сотқа азаптаулар туралы 2 есе көп іс жіберілген. Олар бойынша 4 есе көп адам сотталды. Ал биыл сотқа 33 лауазымды адамға қатысты 12 іс жіберілді.

Азаптаулардың себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған бірқатар қабылданды.

Мәселен, прокурорлар желідегі жағдайларды бақылау мақсатында қосылған үздіксіз бейнебақылау жүйесі арқылы нақты нәтижеге қол жеткізілді. Көрінбейтін аймақтар жойылып, ұстау және жеткізу процесін тіркеу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бейнежетондармен жарақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Осы санаттағы істерді талдау нәтижесінде азаматтардың тиісті арыздарымен кеш, яғни дәлелдемелер жинау мүмкіндігі жоғалған кезде (бейнежазбаларды сақтау мерзімі аяқталғанда, куәгерлерді анықтау мүмкін емес), 2-6 айдан кейін немесе одан да көп уақыт өткен соң жүгінуі кедергі болатыны анықталды.

2023 жылғы 30 желтоқсанда азаптауларды уақтылы анықтау үшін нормативтік актілерге өзгерістер енгізілді. Олар бойынша прокурорларды барлық ұсталған азаматтардан оларға рұқсат етілмеген әдістерді қолдануға қатысты жауап алуға, ал сот сарапшыларын кезекші прокурорларға азаптаулар туралы хабарлауға міндеттелген.

Қылмыстық қудалау органдарының барлық мекемелерінде прокурорлардың байланыс телефондары орналастырылған. Олар арқылы азаматтар азаптаулар және тергеп-тексерудің рұқсат етілмеген әдістері туралы уақтылы арызбен жүгіне алады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз