«Жағдайы ауыр»: Қарағанды ферроқорытпа зауытында апат болып, 8 қызметкер зардап шекті
– Қарағандыда ферроқорытпа зауытының пешінен кенеттен жалын шықты. ТЖ салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі.
Бүгін, 20 шілдеде, таңғы сағат 04:10-да YDD Corporation ферроқорытпа зауытында штаттан тыс оқиға болды.
«№1 пеште жалын кенеттен шықты. Салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері түрлі дәрежеде жарақат алды. Қазіргі уақытта зардап шеккен барлық қызметкер ауруханада, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп түсіндірді «YDD Corporation» баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, компания зардап шеккендерге барлық көмек көрсететілетінін және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста болатынын хабарлады. Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы түсініктеме берді.
«2024 жылғы 20 шілдеде Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханаға өндірісте алған күйік жарақаттарымен өнеркәсіп кәсіпорнының 8 қызметкері жеткізілді. Зардап шеккендердің алтауы реанимация және қарқынды терапия бөліміне, екеуі комбустология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен бес адамның жағдайы өте ауыр, екеуі ауыр, бір науқас орташа ауыр деп бағаланады. Зардап шеккендерді бейінді мамандар қарады. Қосымша тексерулер жүргізілді. Пациенттер толық көлемді барлық қажетті ем алып жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу нәтижесінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.
«Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған факт бойынша болған оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеру үшін Еңбек инспекциясы комиссия құрды», — деп мәлімдеді Еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі.
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657
Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658