Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша Түркістан облысының активіне жаңа әкімді таныстырды.

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихатының жиналысына қатысты.

Депутаттарға Мемлекет басшысының Түркістан облысының әкімі лауазымына екі кандидат ұсыну туралы хаты оқылды. Қарауға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтің және Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің кандидатуралары ұсынылды. Сайлау комиссиясы ашық дауыс беру қорытындысын шығарып, 288 дауыстың  224-і  Нұралхан Көшеровке берілді.

Мәслихат жиналысының қорытындысына сәйкес, ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Сәйкес жаңалықтар

Что мировые СМИ пишут о конституционной реформе в Казахстане

Нити длиной в полвека: в Алматы откроется юбилейная выставка Батимы Заурбековой

zamandas69@mail.ru

Производство растет, импорт замедляется: новый этап развития промышленности Казахстана