Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

 фото Ақорда
Сапар барысында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келді.

«Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда Мемлекет басшысын ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Сапар аясында Король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Сәйкес жаңалықтар

«5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру жолдары»

Алматыда Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы басталды

zamandas69@mail.ru

Елордалық оқушы Мұқағали Мақатаевтың портретін 1500 бөтелке қақпағынан жасап шығарды