Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Курбанов алтын медаль жеңіп алды

Фото: ҰОК
Ол Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді.

Сайыста 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов алтын медаль жеңіп алды.  Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Осылайша, ол спорттық гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы атанды.

Еске салайық, Нариман Курбанов Париж Олимпиадасында күміс жүлдегер атанып, тарихи жеңіске қол жеткізген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Публицист, жазушы Шархан Қазығұлдың “Таңдамалы шығармалар” жинағы жарық көрді

zamandas69@mail.ru

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: 1200 ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ҰСЫНЫЛУДА

Алматы спортшылары Қазақстан құрамасының Азия Пара ойындарындағы жетістігіне үлес қосты