Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарШоу-бизнесӨнер

Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді

Фото: dimashnews.com

22 шілдеде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің салтанатты финалы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Фестивальдің жабылу салтанатында Қырғыз Республикасы президенті Садыр Жапаровтың жарлығына сәйкес, Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.

dimash.news-тің жазуынша, марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.

Сәйкес жаңалықтар

Қылмыстың алдын алу оны ашқаннан әлдеқайда тиімді

Қазақстанда Roblox бұғатталуы мүмкін бе?

«Фридом Финанс» АҚ-ның ресми мәлімдемесі